Kaspersky Security Center-дегі оқиғалар туралы

Kaspersky Security Center бағдарламасы, басқарылатын бағдарламаларға орнатылған "Лаборатория Касперского" Басқару сервері мен бағдарламаларының жұмысы барысында орын алған оқиғалар туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Оқиғалар туралы ақпарат Басқару серверінің дерекқорында сақталады.

Оқиға түрлері

Kaspersky Security Center-де хабарландырулардың келесі түрлері бар:

Оқиғалар көздері

Оқиғалар келесі бағдарламалар тарапынан жасалуы мүмкін:

Бағдарлама жасай алатын оқиғалардың толық тізімі бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойыншасында келтірілген. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға болады.

Оқиғаның маңыздылық деңгейі

Әрбір оқиғаның өзіндік маңыздылық деңгейі бар. Туындау шарттарына байланысты, оқиғаға түрлі маңыздылық деңгейлері белгіленуі мүмкін. Оқиғалар маңыздылығының төрт деңгейі бар:

Әрбір оқиға үшін Kaspersky Security Center-де қарап шығуға немесе өзгертуге болатын сақтау уақыты белгіленген. Кейбір оқиғалар Басқару серверінің дерекқорында әдепкі бойынша сақталмайды, себебі олар үшін белгіленген уақыт нөлге тең. Сыртқы жүйелерге, Басқару серверінің дерекқорында кемінде бір күн бойы сақталатын оқиғалар ғана экспортталуы мүмкін.

Басына оралу